Қазақстан сотталушыларға рақымшылық жасайтын елдердің алдыңғы сапында тұр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан сотталушыларға рақымшылық жасайтын елдердің алдыңғы сапында тұр (ВИДЕО)

24.06.2017

2015 жылғы өзгерістен соң біздегі түзету мекемелерінде сотталушыларға арналған аумақ кеңейген. Нақты айтқанда, ер азаматтарға – 2,5 шаршы метр жер, әйелдерге – 3 шаршы метр жер, ал, абақтыда дүниеге келген нәрестелерге – 3,5 шаршы метр аумақ тиесілі.

Қазақстан сотталушыларға рақымшылық жасауды қолға алған санаулы елдердің алдыңғы сапында тұр. Бүгінге дейін 9 рет амнистия жарияланған. 1991, 1994, 1996, 1999, 2000, 2002, 2006 , 2011 және 2016 жылдар.

Алдағы уақытта тағы рақымшылық жарияланса, оған кімдер ілінеді?

  • Кәмелет жасына толмағандар;
  • Аяғы ауыр әйелдер;
  • Кәмелет жасына жетпеген немесе мүгедек баласы бар азаматшалар;
  • I, II, III топ мүгедектері;
  • Жасы 50-ден асқан әйелдер мен 60-тан асқан ер адамдар;
  • Екінші Дүниежүзі соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
  • Аса ауыр қылмыс жасамағандар.

Бұл бірқатары ғана.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу