Болат Сабыраев 3 рет жол апатына ұшыраған. Ол осыдан екі жыл бұрын түнгі сағат екінің шамасында Алматыдағы Сейфуллин көшесімен жоғары өрлеп келе жатқан көлікпен соқтығысып, жолдың шетіндегі арыққа түсіп кеткен. Өзі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, көлігі мүлдем жарамсыз болып қалды.
«Ол күні жаңбыр жауды. Жол тайғақ. Көліктің фарасы алдындағы көліктің фараларымен шағылысты. Онымен қоса, жаңбырдың салдарынан жолда тұрған бетон қара болып, көрінбеді. Жылдамдық сағатына 80 шақырым болған. Бетонды байқамай, соғып өттім. Көлігім аударылды. Кейін көлігім жарамай қалды. Ол бір жағдай.
Алайда, өзің төмен жылдақпен жүріп, жол ережелерін сақтасаң да, басқа көліктің соқпайтынына ешкім кепіл бере алмайды. Мысалы, мендегі екі жағдай осындай себептен болды. Өзімнің басымнан өткеннен кейін айтарым, жолда асықпау керек», - дейді Болат.