ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, гобеленші Бәтима Зәуірбекова бағдарлама қонағы болды.
«Елімізде керемет кезең, тарихи оқиға болып жатыр. Осы «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында менің жеке көрмем өткелі жатыр. Бұл көрмеде менің 60-қа жуық туындым қойылады. Осы «ЭКСПО» аясында ашылған көрме мен үшін - үлкен мәртебе.
Гобелен – күрделі өнер. Оның қыр-сыры мен қиындығы ерекше. Қазіргі жастардың гобеленге деген сүйіспеншілігі мен ынтасы зор. Менің шәкірттерім де бар. Гобелен өнері жақсы дамып келе жатыр десе де болады», - дейді Бәтима Зәуірбекова.