«Бәрі ән айтады» музыкалық жобасын Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар» сарайы ұйымдастырды.
Байқауға Қазақстанның әр өңірінен жасы 18-ден асқан дарынды жастар қатысты. «Караоке-2017 чемпионы» атағын алғандар ақшалай сыйлықтарға, байқаудың ең үздік әншісі Астана қаласы әкімдігінің Кубогын иеленді.
«Іріктеуге келген 200 адамның 78-і байқауға жолдама алды»,- дейді «Жастар» сарайы директорының орынбасары Светлана Ракишева.
Музыкалық жобаның қазылар алқасында «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников, «Голос» жобасының қатысушысы Арчи Пурцеладзе, Астана Мемлекеттік филармониясының солисті Татьяна Хасьянова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахметжан Шамұратов, дизайнер Қайролла Әбішев болды.
Финал жеңімпаздары - Жамал Жиентаева, Наргиз Кудренова, Әсел Түлүбаева.
Караокемен ән айтудан «Бәрі ән айтады» чемпионаты – тілек білдірген барлық үміткерлер шексеусіз қатыса алатын Қазақстандағы бірегей жоба.