«Мәселе» тілшісі Әлия Әшім бақсы-балгерлерге болашағын «болжатты» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе» тілшісі Әлия Әшім бақсы-балгерлерге болашағын «болжатты»

08.07.2017

Қазақта сынық салатын, қажетсіз қанды алатын емшілер әуелден болған. Ал, болашақты «болжағыштар» алдына барғанды жіпсіз байлап алады. Қазір құмалақтан тағдыр, алақаннан болашақты көретіндер көп, тіпті, «телефон арқылы сезетіндер» бар екен.

«Мәселе» тілшісі Әлия Әшім елорда базарларындағы бақсы-балгерлерге барды. Бірі «жолыңда ашу керек» десе, бірі 40-тан кейін ақшаға кенелетінін айтты.

Ал, Алматыға келген күллі ТМД-ға танымал бақсы Жанна Белозерова өзіне мұндай қасиеттің ата-бабасынан дарығанын айтады. «Әкемнің бабалары бақсы болған. Анам жақта дуагерлер көп. Үлкендердің қасиеті бесінші ұрпаққа келіп тоғысады деген екен. Мен олардың бесінші ұрпағымын», - дейді ол.

Ал, халық емшілігін, оның ішінде сынықшылықты жоққа шығаруға болмайтынын тарихшылар да айтады. Себебі, жаугершілік заманда жараланған батырларды емдеген - осы қасиет дарығандар.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу