Астананың символына айналған «Қазақ елі» монументі қалай пайда болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың символына айналған «Қазақ елі» монументі қалай пайда болды?

09.07.2017

Монумент авторы, мүсінші Сембіғали Смағұлов:

Гобелен өнерінің атасы Құрасбек Тыныбеков деген дарынды суретші болды. Суретшінің «Дала балладасы» атты туындысында қанатын жайған самұрық құс бар. Одан кейінгі самұрық құсын Елбасы тапсырмасымен мен жасадым. Самұрық – Иран мәдениетінен түркі дәстүріне келіп қонақтаған құс. Сондықтан, оны жан-жақты сараладық. Символ елдің ертеңіне жұмыс істеуі керек. Қазіргі біздің самұрығымыз таранған, салтанат құрған елдің символына айналды.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев:

Монументті салу идеясы бойынша еліміздегі ең беделді ғалымдар, жазушылар, суретшілер, сәулетшілердің басын біріктіріп, үлкен жұмыс тобын құрдық. Олардың ішінде Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жолдасбеков, Мырзатай Серғалиев, Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек болды. «Қай тарихи кезеңді қамтимыз?» деген сұрақтың өзі біршама пікірталас туғызды. Монумент осындай үлкен ұжымдық жұмыстың нәтижесінде дүниеге келді.  

 

Астана тақырыбына арналған бүгінгі «1 студия» ток-шоуының  толық нұсқасы 

Хабарламаларға жазылу