«Таңшолпан». Жансұлтан Матаев: «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттыру (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Жансұлтан Матаев: «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттыру (ВИДЕО)

11.07.2017

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев бағдарлама қонағы болып, тұрғын үй сатып алу, салу үшін қаржы жинау мәселелеріне, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысты сауалдарға жауап берді.

«Бағдарламаның басты мақсаты – тұрғындардың баспанаға қолжетімділігін арттыру және тұрғын үй құрылысы саласындағы кешенді проблемаларды шешу. 15 жылға арналған. Құжат аясында республика бойынша 1,5 млн.бірлік тұрғын үйді іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар, бірінші кезеңде, яғни 2017-2021 жылдар арасында Қазақстан бойынша 53 млн.ш.м  тұрғын үйді іске қосу болжанған.

Бағдарлама 5 бағыттан тұрады. Бірінші - ипотекалық несиелеу, екінші - жеке құрылысшыларды өз қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын салуға ынталандыру, үшінші – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі арқылы құрылыс жүргізу, төртінші - халықтың осал топтарына арналған жалға берілетін тұрғын үй қорын қалыптастыру, бесінші - жеке тұрғын үй құрылысын қолдау», - дейді Ж.Матаев.

Хабарламаларға жазылу