«Көп адамдар «Жетістікке жету үшін өзгеріс болуы керек» деп қателеседі. Алайда, өзгеріс онсыз да болады. Жылдар өте барлығы өзгереді.
Алдымен мақсат туындайды. Мақсатқа түрткі болатын - мотивация. Жетістікке жету үшін мотивацияны мәжбүрлеп қоюдың қажеті жоқ. Мотивация адамды қанаттандыруы керек. Егер мақсат қанаттандырмаса, нәтиже бермейді. Адам келешекте болатын нәтижені көре алуы керек. Былайша атқанда, визуализация. Егер нәтиже қанаттандырса, онда ол - сенікі.
Кейін ол мақсат өзіңдікі ме, әлде сырттан келген бе, соны дәлелдеу керек. Өзіңізге қаншалықты қажет екенін, сізге не беретінін ойлау қажет. Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейінгі қадам - әрекет жасау. Алайда, іс-әрекет жасау барысында сана 10 пайызды, бейсана 90 пайызды құрайды. Сана - көретін, ұстайтын, білетін, өмірде болған нәрсе. Бейсана - көрмеген, білмеген, біз қорқатын нәрсе. Дәл осы бейсана - біздің қорымыз. Сол қорды пайдаланбаса, жетістікке жету мүмкін емес», - дейді психолог.