«Әйел бақыты». Абысындар арасындағы татулықтың кілті неде? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Абысындар арасындағы татулықтың кілті неде? (ВИДЕО)

13.07.2017

«Абысын тату болса, ас көп». Бір әулеттің бірлігін сақтап, берекесін арттырып отыратын абысындар арасындағы татулықтың кілті неде?

Бір үйдің қос келіні араларынан қыл өтпестей тату бола ала ма? Ертеректе бұл байланыс қалай болған?

Ағайынның арасындағы татулықты сақтап отыратын, бірлік берекенің ұйытқысы – абысындар. Туыстар ішінде алауыздық тудыратын да - әйелдер. Сол себепті «алғаның жақсы болса – ырысың» дейді қазақ. Абысындарды жолына қарай сыйлайды. Жасы кіші келіндер абысынын енесіндей құрметтеген.

Хабарламаларға жазылу