Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 14 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы7
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ болуы мүмкін, кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста тұман болады. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, күндіз Қостанай Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік,солтүстік-батыстан соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады,найзағай болады. Желдің күші 2-7 м/с, найзағай кезінде 12 м/с. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С болады.