Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрыла бастады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Құрметті достар, министрлік әлеуметтік роликтер базасын құру жұмысына кірісті. Аталған роликтер отандық телеарналарда көрсетіле бастайды. Сондай-ақ, шетелдік арналардың жарнама блоктары кезінде беріледі», - деп атап көрсетті сала басшысы.