«Әйел бақыты». 27 жастағы Эля: Дұрыс жолда жүрмегенімді мойындаймын (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». 27 жастағы Эля: Дұрыс жолда жүрмегенімді мойындаймын (ВИДЕО)

19.07.2017

Жеңіл жүріске түсу оңай табыс табудың көзі ме? Әлде бойжеткенді мықтылап шырмайтын шырмауық па?  «Ақылы махаббаттың» торына кімдер түседі?

Бағдарламаға келген 27 жастағы Эля оқиғасымен бөлісті.

«Мені әке-шешем қараған жоқ. Нағашы әжемнің қолында өстім. Атам ерте қайтыс болды. Әжем қайтыс болғанда 20 жаста болдым. Жалғыз қалдым. Оқымадым. Анамды бала кезімде көргенмін, ішімдікке салынған. Қазір де олардың қайда екенін білмеймін.

Басында еден жудым, құрылыста қоқыс жинадым, басқа да әртүрлі жұмыстар істедім. Кейін әлеуметтік желі арқылы қыздармен таныстым. Олар маған жұмыс ұсынды. «Жақсы киім аласың, ақшаң болады» деп айтты. Сол кезде қатты қиналып жүрдім. Қазір сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

Осы жолда жүргеніме 5 жыл болды. Дұрыс жолда жүрмегенімді мойындаймын. Жұмысымды қазір тастай алмаймын. Мүмкін үлкен бір себеп керек болар. Далада тұрмаймын. «Клиенттер» таныстар арқылы табады. Темекі, ішімдікке әуес емеспін. Жүкті болдым. Бірақ, ол баланы алдырып тастадым. Себебі, кімен екенін білмеймін.

Жылулық көрмегенмін. Ешкімге керек емес екенімді де білемін. Әжемді қатты сағынамын», - дейді Эля.

Хабарламаларға жазылу