Рүстем Құрманов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рүстем Құрманов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

25.07.2017
Рүстем Құрманов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Құрманов Рүстем Жомартұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында жетекші маман міндетін атқарушы, жетекші маман қызметін атқарған.

2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бас маман болып қызмет істеген.

2006-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарған.

2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі басқармасының басшысы лауазымында болған.

2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде департамент директоры лауазымын атқарған.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Департамент директоры қызметін атқарған.

2013-2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметін атқарған, «А» корпусы.

2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіп кешені комитеті хатшылығының хатшысы лауазымын атқарған.

2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің атқарушы директоры – директоры қызметін атқарған.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі болды. 

Хабарламаларға жазылу