«Таңшолпан». Азамат Әнуарбек: Головкинды салу өзіме ұйымдастырған тексеру болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Азамат Әнуарбек: Головкинды салу өзіме ұйымдастырған тексеру болды (ВИДЕО)

26.07.2017

Суреттерді шегемен салатын жас шебер Азамат Әнуарбек бүгін таңғы бағдарлама қонағы болды.

«Алаш орда» автономиясының 100 жылдығына орай достарымызбен көрме өткізгіміз келді. Астанаға әкеліп, халыққа, демеушілерге көрсеттік.

Бірінші суретімді өткен жылы ағама сыйлық жасау үшін салдым. Ол өзіме де, өзгелерге де ұнады. Арнайы білім алған жоқпын. Негізгі мамандығым - программист. Өнерге қатысым жоқ. Бірақ жігітке жеті өнер де аз.

Бұл техниканың қызығы – суретке қатысы жоқ дүниемен өнер туындысын жасау.

Мені «суретші» деп жатады, алайда мен суретші емеспін, экспериментатормын. Бүгін шеге болса, ертең басқа заттан жасауым мүмкін.

Головкинды салу өзіме бағытталған тексеру болды. Өзімнің шыдамдылығымды көргім келді. Қазір қорымда 7-8 туындым бар, алайда барлығы 20 туынды. Ол тапсырыс берушілерде. Олар көрсеткісі келмейді. Тапсырыс қабылдағым келмейді. Себебі бұл кәсіп емес, бұл - хобби», - дейді Азамат.

Хабарламаларға жазылу