«Таңшолпан». Елімізде 10 сотық жер телімін қалай алуға болады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Елімізде 10 сотық жер телімін қалай алуға болады? (ВИДЕО)

03.08.2017

Ауылдан жұмыс іздеп, қалаға келген адам қайта қайтқысы келмейді. Қаланың тіршілігіне үйренісіп, баспаналы болуды көздейді. Мемлекет ұсынған бағдарламалармен пәтерге қол жеткізсе де, жер алып, үй салуды армандамайтын жан кем де кем.

Қала тұрғыны үшін 10 сотық жер алудың тәртібі қандай? Кезек тізімі туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

ҚР Жер кодексінің 50-бабы 2-тармағына сәйкес жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар;

3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.

2015 жылы қабылданған ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының кез келген азаматы жер алу үшін жеке куәлігі мен жері жоқ екендігі туралы анықтаманы өткізуі тиіс.

«Көп адамдар қаладан жер алуды қалайды. Алайда қалада 100 мың адамның ішінде 30-40 жыл кезекте тұрғанша, елді мекеннің маңында арыз жазып, тізімі аз, бірақ бюджеттік қаржы бөлінген қалада арыз жазсаңыз, 3-5 жылдың ішінде жер заңнамасына сәйкес өзіңіздің тиісті кепілденген 10 сотық жеріңізді алуға мүмкіндігіңіз бар», - дейді заңгерлер одағының төрағасы Бақытжан Базарбек.

Хабарламаларға жазылу