«Таңшолпан». «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» арқылы тұрғын үйді жалға алу шарттарын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» арқылы тұрғын үйді жалға алу шарттарын білесіз бе?

04.08.2017

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ басқарушы директоры Еркін Сыздықов студия қонағы болып, қолжетімді баспана мәселелеріне қатысты жауап берді.

«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы өзінің тапсырмасында халыққа қолжетімді тұрғын үй беру мәселесі туралы нақтылап айтқан болатын. Осы тапсырма аясында бүгінде «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Қазір «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» екі бағытта жұмыс істейді. Біріншісі – тұрғын үйді сатып алу құқығы арқылы жалға беру. Екінші бағыт – екінші деңгейдегі банктерден несие алған азаматтардың пайыздық мөлшерін субсидиялау.

Тұрғын үйді сатып алу құқығы арқылы жалға беру бүкіл өңірде жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаға жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған азаматтар қатыса алады. Тұрғын үй 20 жылға жалға және кейіннен сатып алу құқығымен беріледі. Яғни, азаматтар төлемақыны 20 жыл бойы төлеген болса, кейін тұрғын үй меншігіне өтеді.

Екінші бағыт бойынша, азаматтар банктерден 17-18 пайызбен несие алатын болса, соның 7 пайызына дейінгі мөлшері «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» арқылы мемлекет тарапынан төленеді. Бағдарлама бойынша азаматтардың төлейтін мөлшері 10 пайыздан аспауы тиіс. 

Бұл жерде бірнеше талаптар қойылған. Мысалы, субсидиялауға жататын қарыз алу сомасы Астана мен Алматы қаласында 20 млн.нан аспайтын сома, ал, басқа өңірлер бойынша 15 млн.нан аспайтын сома болуы керек. Сондай-ақ, қарыз алушылардың өздерінің шотында тұрғын үйдің 30 пайызынан кем емес сома болуы тиіс. Мысалы, тұрғын үйдің бағасы шамамен 25-30 млн. болса, азаматтардың өзінің еншісінде бастапқы жарна ретінде 7-10 млн. ақшасы болуы керек.

Бұл бағдарламаға кез кеген азамат қатыса алады. Ешқандай шектеулер жоқ. Тек бірнеше талаптарға сай болуы керек. Мысалы, тұрғын үй сомасы, тұрғын үй бастапқы үй болуы тиіс және қарыз мерзімі 180 айдан аспауы тиіс. 

Заңға сәйкес жеңілдіктер жеке қарастырылады. Мысалы, қарыз төлеуде қиыншылықтар пайда болса, азамат банкке өтінім жазады. Ол өтінішті банк жеке қарастырып, шешім қабылдайды», - дейді Еркін Сатыбалдыұлы.

Хабарламаларға жазылу