«Таңшолпан». Елордадағы этноауылдың қызықтары (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Елордадағы этноауылдың қызықтары (ВИДЕО)

11.08.2017

Елорда төріндегі этноауылға барсаңыз, шеберлер ауылына тап боласыз. Темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған қолөнер шеберлері келушілер назарына түрлі ұлттық бұйымдарын ұсынады.

Сіздің де үйренуңізге мүмкіндік бар. Бұл Алматы облысынан келген шеберлер. Елордада мәдениет күндерін өткізіп жатқан облыс өкілдері бар өнерін ортаға салуда.

«Күмістік заттардан отбасымызбен зергерлік жұмыстар жасаймыз. Өзіміздің жеке стиліміз бар. Авторлық жұмыстарымыз қайталанбайды», - дейді шебер Бегдайыр Қоңыр.

Одан басқа этноауылда төрт түлік малдың сүйегінен жасалған түрлі кәдесыйлар, мүсіншелер бар. Сүйектен жасалған, түрлі мағынаға ие бұл өнер туындалары келушілердің қызығушылығын тудырып жатыр.

Білезік соғып отырған шеберлер тұтынушыларға өз қолымен соғуына көмектесіп, әр металдың қолөнері саласында атқарар қызметімен таныстырады.

Этноауылда қызық көп. Мұнда тек шеберлердің жұмысына тәнті болып қана қоймай, ұлттық бұйымдарды сатып алуға болады, ұлттық ойындар ойнап, мерекелік концертті де тамашалай аласыз.

Хабарламаларға жазылу