Менделеев кестесінде 76 орында тұрған «Осмий» атты метал бар. Бүгінде осмийдің 10 грамы 200 мың АҚШ долларын құрайды. Құны жағынан әлемде екінші орында. Осмийді ең алғаш британ ғалымдары химиялық жолмен ұнтақ түрінде алған. Ал металдың өзін табу - қиынның қиыны.
Сонымен қатар аса бағалы осмий изотопы қазақ даласынан табылған. Бұл академик Әбдірасыл Жәрменов сыңды отандық ғалымдар ашқан жаңалық.
Жалпы бұл металл әлемнің екі елінен табылып отыр. Бірі - қазақ жері, екіншісі - Чили мемлекеті. Байтақ даламыздың географиялық жасы Чилимен салыстырғанда 10 есе көне. Бұл дегеніміз бірнеше миллиардтаған жылдарды қамтиды.
Өкініштісі осмий металын қалай өндіріп, пайдалану керек екендігін туралы қазақ ғылымы әлі меңгерген жоқ. Яғни ғылым мен технологияның деңгейі жетпейді. Ал Америка мен Қытай мемлекеті бұл металға аса қызығушылық танытып отыр. Бірі аэрокосмостық жүйеде пайдаланғысы келеді. Екіншісі қатерлі ісіктің алдын алу өндірісінде қолданбақшы. Ал біздің бар білетініміз қазақ даласында мұнайдан да бағалы байлық бар.
«Осмий Қазақстанға Алланың берген сыйы. Осмийдің изотопы рений деген металдың радиоактивті ыдырауынан түзілетін изотоп. Оның жер қойнауындағы мөлшері жердің жасына байланысты. Осыдан кейін-ақ еліміз үшін химия ғылымы аса құнды тарихи деректі қоса ұсынып отырғанын бағамдау қиын емес» -, дейді техника ғылымдарының докторы Әбдірасыл Жәрменов.