«Қазгидромет»: Сәрсенбіде күн ашық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазгидромет»: Сәрсенбіде күн ашық болады

23.08.2017
«Қазгидромет»: Сәрсенбіде күн ашық болады

Қазақстан территориясы әлі де антициклонның ықпалында, сәрсенбіде күн ашық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорынның мәліметтеріне қарағанда, сәрсенбі күні елдің кей жерлерінде тұман түсіп, тек солтүстік шығыс пен шығыста, өткінші жауын жауады.

Оңтүстікте, оңтүстік шығыста, батыста кей жерлерде жел күшейіп, соңы шаңды дауылға ұласады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетіп, соңы шаңды дауылға ұласады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, соңы шаңды дауылға ұласады. Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таң ата тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және таң ата тұман түсуі ықтимал. Павлодар облысында желдің күші секундына 18 метрге жетеді.

Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде және Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн қатты ысиды.

Хабарламаларға жазылу