Ол адамды адамгершілік пен сұлулыққа, өмірдің мәнін ұғынуға шақырады. Ақыл мен парасатқа үндейді.
Бүгін - театр өнерінің майталманы, ҚР Халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың туған күні.
Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова киноға 1955 жылдан бері түсе бастады. Оның үлкен экрандағы алғашқы рөлі – «Дала қызы» көркем фильмі еді.
Бұрын тек сахналық фильмдерде рөл сомдаған Зәмзәгүл Нүсіпбайқызына кино өнерінің асулары оңай бағына қоймады.
«Мен өткен ғасырдың 50-інші жылдарынан бері қазақ театры мен кино өнері саласында қызмет етіп келемін. Театрсыз ұлтты, мемлекетті мәдениетті және өркениетті ел деп айту қиын. Театр – асыл да, ардақты, бекзат өнер», - дейді туған күн иесі.