Қарағанды өңіріндегі Қарауыл төбе не себепті Ақселеу биігі аталды? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды өңіріндегі Қарауыл төбе не себепті Ақселеу биігі аталды? (ВИДЕО)

01.09.2017

Қазақ даласының  жер-су атаулары – біздің тарихымыз, ұлттық құндылығымыз екені ақиқат.  Ол елдің тарихынан сыр шертіп, салт-дәстүрі, тілі мен ділінен хабар береді. Жазушы Мұхтар Әуезов «Біздің қазақ жер атын, тау атын сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген. Қайда, қандай өлкеге бармасаң да, құпия-сыр жатады», деген.

Тәуелсіздік алған жылдардан кейін елдімізде бірнеше экспедиция тобы құрылып, зерттеушілер арнайы осы бағытта жұмыс істей бастады. Кейіннен пайда болған жер-су аттары да бар.

Мысалы, Қарағанды өңірінде Ақселеу биігі деген төбе барын білеміз. Ол қазақтың дара тұлғасы Ақселей Сейдімбектің құрметіне берілген.

Жаңарқа ауданының орталығы Атасу кентінен үш шақырым жерде Қарауыл төбе деген төбе бар. Ұлт зиялысы Ақселей Сейдімбек дүние салғаннан кейін осы төбенің басына жерленген. Кейін жұртшылық бұл жерді «Ақселеу бигі» деп атап кеткен екен.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу