«Ару ана». Миуа апа Димаш жатқан бесікті көрсетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ару ана». Миуа апа Димаш жатқан бесікті көрсетті (ВИДЕО)

02.09.2017

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан «Ару ана» жобасының алғашқы саны эфирге шықты. Алғашқы кейіпкер жас әнші, «I am singer» халықаралық жобасының финалисі Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинова апа.

Миуа апа алдымен Димаш жатқан киелі бесікті көрсетті.

«Бұл бесікті Димаштың атасы Құдайберген Қанат ұлым дүниеге келгенде арнайы жасапты. Мұнда Қанат, оның қарындасы Нұргүл қызым жатты, кейін Димаш немерем де осы бесікте ержетті»,-дейді Димаштың әжесі.

Димаштың жас кезінде қандай бала болғанына тоқталған Миуа апа:

«Димаш дүниеге келгенде мен 47 жастамын. Немеремді қасыма алып жататынмын. Түнде жылаған кезде Қанат пен Света «Сіз шаршаған боларсыз, демалыңыз»,-деп алып кетеді. Беріп жіберемін. Бірақ, шыдамай «бәрібір ұйықтай алмаймын, қасымда жатсын» деп қайтадан барам да, ұлымды алып кететінмін. Димашты барынша еркелеттік. Бірақ, өзі ерке болмады. Жастайынан кітапқа үйір болды.  Өзге балалар сияқты ойнап та кететін, теледидар да қарайтын»,-дейді.

Хабарламаларға жазылу