Сөз арасында келін мен ене қарым-қатынасына тоқталған Миуа апа қызындай болып кеткен келіні Светамен ұзақ жылдар бойы сыйласып келе жатқанын айтады.
«Света отбасымызға келін болып түскеннен бір-бірімізге жақын болдық. Ол мені қабағымнан-ақ ұғып отырады. 24 жылдан бері бір шаңырақ астында тұрып келеміз. Қазір қыздарыма айтамын «мен сендерге қарағанда, Светаны қатты жақсы көремін» деп.
Өзімде ата-ене болған жоқ. Ол кісілер өмірден ерте қайтып кетті. Бізге балаларды жеткізу қиынға соқты. Сонда айтатынмын, «келінім болса, бала тәрбиесіне көмектесемін» деп. Сол ниетпен бүгінде келініме бала тәрбиесінде жәрдем беріп келемін»,-дейді.
Айта кетейік, бүгін «Ару ана» жобасы Димаш Құдайбергеннің әжесі Миуа Низамутдинованың үйіне қонаққа барды.
ТОЛЫҚ НҰСҚА