«Ел ішінде». Қызылорда өңірі бұрын Қамысқала деп аталғанын білдіңіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ел ішінде». Қызылорда өңірі бұрын Қамысқала деп аталғанын білдіңіз бе?

16.09.2017

«Ел ішінде» бағдарламасы кезекті санында Жарасқан Әбдірашев, Әбдіжәміл Нүрпейісов, Камал Ормантаев сынды тұлғалардың туған еліне келіп, тарихи өлкенің ерекше жерлерімен таныстырды.

Бұл мекен бұрын Қамысқала деп аталған. Тарихта Ақмешіт деген атауымен қалған. Жер көлемі - 226 000 км2. Халық саны – 769 533

Ақмешіт 1853 жылға дейін қоқандықтарға қараған. Қоңыр күздің бір күнінде Ресейдің ұлы императоры Александр II өзінің сүйікті генералы Василий Перовскийге Ақмешітті қоқандықтардан  азат етуді тапсырады. Перовский бұйрықты бұлжытпай орындаған соң пашта оның ерлігіне риза болып, ер есімін осы елді мекенге берген екен. Бағдарлама барысында Сыр елінің жерлерімен, табиғатын тарихшы Асхат Сайлау таныстырды.

Ол 19-шы ғасырда еуропалық стильмен салынған ежелгі ғимараттардың бірі әскери училищеге ертіп келді, ғимарат қазір сурет галереясына айналған. Өңірдегі өзге де тарихи орындармен толығырақ «Ел ішіндеден» біле аласыз.

Хабарламаларға жазылу