«Жаңа толқын-2017» лауреаты, әнші Рүстем Жүгінісов бағдарлама қонағы болып, жаңалықтарымен бөлісті.
«Байқауда барлық топтар кәсіби болғаны ұнады. Бізді екі апта режиссер Алекандр Резин дайындады. Қасымда анам болды.
Байқау көңілімнен шықты. Сүйіктім Айжанға маған тұрмысқа шығуына ұсыныс жасау туралы ой сонда келді. Негізінде ұсыныс екі рет болды. Алдымен Қазақстанда, содан кейін режиссерлердің сценарийі бойынша сонда жасадым. Тойымыз қазан айында өтеді. Тойға «Жаңа толқын» қатысушыларын шақырдым», - дейді әнші.