«Қарекет». Талма ауруының тауқыметінен қалай құтылуға болады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарекет». Талма ауруының тауқыметінен қалай құтылуға болады? (ВИДЕО)

20.09.2017

Асан мен Үсен отбасында егіз ұл. Отбасында бес бала. Басқалары отбасылы. Тек Үсеннің денсаулығы ата-анасының көңілін алаңдатады.

«Үсен қазір 30-да. Емдетпеген, апармаған жеріміз қалмады. Басында жай талып, жатып қалатын, кейіннен көбейе бастады. Құлайтын кезде қол-аяғы тырысады. Жатқан кезде дірілдеп, аузынан көбік ағады. Құлаған кезде зақым алмасын деп тырысамыз, басқа ештеңе қолымыздан келмейді.

Талай қиналдық. 30-дағы жігіттің ауру болып, далада құлап жатуы оңай емес. Біз үшін бұл ауыр. Осы баламның осындай болғанына жүрегім ауырады. Ана болған соң маған тек қана баламның сауығып кеткені керек», - дейді Үсеннің анасы Гүлнәр Мұхамади.

Хабарламаларға жазылу