Әр тілде домбырамен ән айтатын «Көгершін» отбасылық ансамблі «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әр тілде домбырамен ән айтатын «Көгершін» отбасылық ансамблі «Таңшолпанда» қонақта (ВИДЕО)

25.09.2017

Моңғолия елінің Баян-Өлгей аймағынан келген «Көгершін» отбасылық ансамблі бағдарлама қонағы болды.

«Астанаға алғаш рет осыдан 15 жыл бұрын келдім. 15 жылдағы өзгеріс керемет. Сөзбен айтып жеткізу қиын. Біздің ансамбль көп елді аралады. Мысалы, жапон еліне 15 рет бардық. Мамандығым әнші емес, дәрігер. Бұл әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған қасиет десе де болады. Біз шетелдік әндерді домбырамен орындаймыз.

Қазақтың ән-күйін толығымен жеткізіп, оны түбіне дейін зерттеп айту мүмкін емес. Қазақтың туған жер туралы әндері сүйегіңнен өтеді», - дейді ансамбль жетекшісі Көгершін Ілияс.

Хабарламаларға жазылу