«Таңшолпан». Сейсенбай Жанасылов: Палуанға бейімділік бала күннен белгілі болады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Сейсенбай Жанасылов: Палуанға бейімділік бала күннен белгілі болады (ВИДЕО)

25.09.2017

Қарағанды өңірінің Ақадыр өлкесінде палуандардың бір шоғыры қалыптасты. Солардың 50-ден астамы спорт шебері. Тіпті, самбо мен дзюдодан Азия чемпионы атанған шәкірттер жетерлік екен.

45 жыл тарихы бар спорт мектебі небір сындарды басынан өткерсе де, білікті басшы орталықтан шалғайда жатқан ауыл спортының туын жықпай, берік ұсап келеді. Қазіргі таңда бұл мектепте 200-ден аса жасөспірім спорттың 8 түрі бойынша жаттығады.

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сейсенбай Жанасылов 40 жылдан бері жас өрендерді спортқа баулып, әр баланың қарымына қарай шалымын үйретуден жалыққан емес. Кейіпкеріміздің ұлдары да спорт саласын таңдап, әке жолын қуып, жаттықтырушы қызметін атқарады. Жұйбайы Күләшхан Рашатқызы - тоғызқұмалақтан жаттықтырушы. Спортты серік еткен Жанасыловтар осы мекендегі өнегелі отбасының бірі.

«Кейбір бала физикалық, кейбірі тактикалық жағынан мықты болады. Оның бәрі біріккенде спортшыны ешкім жеңе алмайды. Палуанға бейімділік бала күнінен белгілі болады. Оны байқап, баланы спортқа баулу керек.

90-ыншы жылдары кіші мекемелер, спорт мектептері жабылды. Біз біраз азаматтар болып, әкімдерге, облыстық, республикалық басшыларға өтініп, мектепті алып қалдық», - дейді Сейсенбай Жанасылов.

Хабарламаларға жазылу