Әнші, 5 баланың анасы Қарақат Әбілдина студия қонағы болып, бала күтіміне қатысты өз кеңестерімен бөлісті.
«Бала бағу қиын, шаршадым» деп айту дұрыс емес. Мысалы, біздің аналармыз кезінде ауылда көп бала туып, сиыр сауып, нан пісіріп, ене күтіп, жарының жағдайын жасап, «шаршадым» деген әңгіме айтпаған. Мен сондай ананың тәрбиесін алған адаммын.
Анам үйге келгенде «мына өмірлерің жәннат, дайын дүниемен өмір сүріп жатсыңдар» деп айтады. Ол да рас.
Қазіргі балалар ерте дамиды. Қызым қазір 4 айлық болды. Тісі шығып жатыр. Не істеу керек? Арнайы дәріханада тынышталдыратын бальзамдар бар. Бірақ, онымен әуестенбеу керек. Тек қатты мазасызданғанда жазу дұрыс. Онымен қатар балаға арналған арнайы қолбақтар бар. Ол тістеріне массаж жасайды.
Баланың соска емуіне қарсы емеспін. Тек екі жастан аспау керек деп ойлаймын. Өзімнің де ұлдарым қолданды. Кіші ұлым 4 жасқа дейін еметін. Бала ұнатып тұрған нәрсеге тыйым салмаймын. Ода тұрған ештеңе жоқ. Уақыт келе ненің дұрыс, ненің ұят екенін өзі түсінеді.
Баланың 2 жасына дейін ананың сүтінен артық тағам жоқ. Баланың іші кепкенде тез нәтиже беретін арнайы сұйықтықтар бар.
Бұрындары аналарда жұмыс көп болды. Сондықтан баланы бесікке көп жатқызды. Ол дұрыс емес. Бесікке жатудың өз уақыты болады. Мысалы, түңгі тәтті үйқы, күндізгі ұйқы. Ал, былайша бала еркін болуы керек. Оның бас-мойыны қатаю керек.
Балаға көңіл бөліп, ән айтып, онымен сөйлесу керек. Баланы ести білу керек. Бала бәрін түсінеді», - дейді әнші.