Жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері Амандық Көмекұлы бағдарлама төрінде боллды.
Амандық Көмекұлы Ұлттық арнада өтіп жатқан «Мен қазақпын» мегажобасының қазылар алқасының қатарында.
«Дәстүрлі өнерді насихаттайтын «Мен қазақпын» жобасы - керемет дүние. Қазақстанның барлық облыстарынан, шет мемлекеттен келген өнерпаздар қатысып жатыр. Мен бірінші турға қатыстым. Бірінен-бірі өткен жүйріктердің өнеріне куә болдық. Әсіресе, сыртта жүрген ағайындардың атамекенге деген сағыныштары жүректі ауыртады. Жақсымызға қуанып, кемшіліктерге қиналып жатады.
Жалпы, дәстүрлі өнер - адамның ұлтшылдық қасиетін, ұлтын ұлықтайтындай, шын мәніне келгенде, патриоттық сезімін оятатын, отансүйгіштікке баулитын бірден-бір дүние», - дейді өнер иесі.