Әлемде күн сайын 65 адам миллионер атанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде күн сайын 65 адам миллионер атанады

30.09.2017

Әлемде күн сайын 65 адам миллионер атанады екен. Күніне 65 адам, бір жылда 365 күн бар десек, демек, жылына 23 725 адам миллионер болып қалтасы қаржымен қампайып шығады деген сөз. Айта кетерлігі, әлгі байығандардан барынан айырылып тақырға отырып тағдырдың талайын тартып жатқандар екі есе көп екен. Мәселен, әлемде ашылған ресторан, кафелердің 90 пайызы арада бір жыл өтпей жабылып тынады екен.

 

23 миллион шағын және орта бизнес ошағы бар ЕуроОдақ болсын, 30 миллион фирмасы бар Америка болсын бәрі-бәрі мемлекеттің ортақ қазынасынан еншісін алып, кейін табысынан тапсырып отырады. Мысалы, АҚШ-та 1953 жылы шағын бизнес әкімшілігі құрылған екен. Олар жеке кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін арнайы стипендиялардың әділ бөлінуін қадағалайды. Ал, Испанияда студенттер мен әйелдерге және иммигранттарға жұмыс орнын беретін кәсіпкер болса мемлекеттен қаржы алады. Оның іргесіндегі Германияда шағын және орта кәсіппен айналысамын дегендерге 5-8 пайыз өсіммен 5 жылдан 15 жылға дейін несие береді.

 

Ал, елімізде қазынадан алынған қыруар қаражатты әп-сәтте аумағы ат шаптырым қора-қопсыға айналдырып, ішін малға сыртын жанға толтырған жерлестер жетерлік. Сиыр дейсіз бе, жылқы дейсіз бе, қала берді құс өсіріп құстың сүтінен басқаның бәрін дайындап сатып пайдаға кенелем дейсіз бе, тіпті алма өсіріп, егін егем, картоп қазып, асқабақ алам, күнбағыс пен жүзім шаруашылығын дамытам дегендерге де біздің мемлекет жәрдем жасауға тырысып-ақ жатыр.

Бірақ, судың сұрауы болса, қазынадан берілген миллион, миллиардтардың қайтарымы болуы шарт екені екібастан белгілі. Тек қанша пайызбен қайтару керек? Айбар Төлжанұлы сөйлейді...

Хабарламаларға жазылу