Сапарбай Жұбаев: Бізде жеке адамдардан түсетін салық үлесі өте аз, 10-12 пайыз ғана (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапарбай Жұбаев: Бізде жеке адамдардан түсетін салық үлесі өте аз, 10-12 пайыз ғана (ВИДЕО)

01.10.2017

Экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жұбаев Салық кодексінің негізгі өзгешеліктеріне тоқтала келе, дамыған елдерден не алу керектігіміз туралы айтты.

«Дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосыламыз дейтін болсақ, олардан көп нәрсені үйренуіміз керек. Қазақстанның Салық кодексі мен дамыған елдердің салық кодексінің айырмашылығына тоқталар болсақ, бізде қазірге дейін кәсіпорындар мен бизнесмендерге ауырлық көбірек болып тұр, ал жеке адамдардан түсетін салық үлесі өте аз, 10-12 пайыз ғана.

Ал, мына дамыған мемлекеттерде  салықтың негізгі өзгерімі сол жеке адамдардың табысынан үлкен үлесі бар. 30-40 пайызына дейін түседі. Біз сол бағытта біраз жұмыс жасап жатқаннан кейін осындай өзгерістерді де жүзеге асыруымыз қажет», - дейді.

Ал, Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков қазіргі Салық заңнамасы 2050 стратегиясына қайшы деген пікір білдірді. Бұл қаншалықты рас? Толығырақ «1 студия саяси ток-шоуында».

Хабарламаларға жазылу