93 жыл бұрын белгілі сатирик, жазушы Шона Смаханұлы дүниеге келді. Ол әдебиет әлемінде өшпес із қалдырған тұлға.
Сатирадағы өткір сын мақалалары мен өлеңдері арқылы оны замандастары «шоқ тілді Шона» деп атады. Ұлтжанды азамат кеңестік жүйе тұсында ана тілінің қадір-қасиетін жоғары қойды.
«Анамның тілі – айбыным» деп жырлаған Шона Смаханұлының есімі де қазақ тілімен бірге жасай бермек.
Шона Смаханұлы десе табаны тозып жүріп, Алматыда қазақ мектептері мен қазақ сыныптарының ашылуын еске алуға болады. Еңбегі ескерусіз қалмады. Алматыда ақынның атында мектеп бар.