Мәселе. Әскерге барудан бас тартқандарға миллиондаған айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәселе. Әскерге барудан бас тартқандарға миллиондаған айыппұл салынады

07.10.2017

Елімізде жылына екі-ақ рет әскерге шақырту келеді. Бірі көктемде, бірі күзде. Қыркүйектен бастап қазақтың жас жігіттерін әскери комиссия бір тілім қағаз беріп шақырып жатыр. Бірақ, «жас азаматтар «армияға әкетеміз» десе ақтық сапарға әкетердей безіп қашады» деп кейиді мамандар. Бұрындары тілдей қағазға келмегендерді білдей сардарлар үйді-үйді аралап іздеп, тапқандарын тыпыршығанына қарамай әкететін. Бірақ адамнан қулық артылған ба? Тұрақты тіркелген жерін өзгертіп, болмаса «денсаулығым жарамсыз» деген қағаз сатып алып армияға бармау үшін бәрін жасайды. Қазір тәртіп өзгерді. Енді әскери шақырту қағазын елемей, медкомиссиядан өтуге келмеген жігіттерге 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яки 2,5 миллион теңге айыппұл салынады. Қайда барсаң да осы қарыз шығып тұрады, тірлігің тынбайды, шетелге де шыға алмайсың. Бұған қоса, денсаулығына қасақана зақым келтіріп өтірік анықтама жасап алатындарға 3000 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 6 миллион теңге айыппұл салынады. Тіпті кей жағдайда қылмыстық іс қозғалып армиядан қашқан азамат 3 жылға абақтыға қамалуы мүмкін. Тақырып тізгіні ресми әскери шені бар, лейтенант Айбар Төлжанұлында...

Хабарламаларға жазылу