«Silk Way Star» жобасының сахнасына келесі болып Тәжікстан елінен келген Сафармухаммад шықты.
Мегажобаның қатысушы Сафармухаммад 2016 жылы бірінші авторлық әнін жазыпты. Ол «Шапхо» деп аталады. Махаббат туралы ән.
Сафармухаммад «өмірімді музыкасыз елестете алмаймын. Музыканттар отбасында туғаным – менің бақытым», дейді. Сонымен қатар, 21 жастағы өнерлі жігіт осы жобаға Тәжікстанды бүкіл әлемге танытамын деген ниетпен келгенін айтты.
Қазылар алқасының мүшесі Мансұр Ташматов (Өзбекстан):
«Сафармухаммадқа сәттілік тілегім келеді. Өйткені, бәрі тамаша. Орындау да, ән де шырындай тәтті. Бірінші аккордтарынан бастап бәріне ұнайды. Оның ішінде мен де бармын».
Еске сала кетейік, бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан «SILK WAY STAR» халықаралық музыкалық байқауы бастау алды. Мегажоба енді Ұлттық арнадан әр сенбі сайын 21:15-те эфирге шығатын болады.