«Таңшолпан». Мұрат Жұрынов: Латын әліпбиінің кейінгі жобасы көңілге қонымды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мұрат Жұрынов: Латын әліпбиінің кейінгі жобасы көңілге қонымды

13.10.2017

Қазіргі уақытта ең үздік ғылыми жұмыстарға мемлекет тарапынан арнайы сыйлық беру қолға алынып жатыр. Биыл қандай ғалымдар қандай жұмыстары үшін арнайы марапаттарға ие болды? 

Осы және басқа сұрақтарға студия қонағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Мұрат Жұрынов жауап берді.  

«Биыл ғылым саласында берілетін ең үлкен сыйлық – Әл-фараби атындағы мемлекеттік сыйлық. Ол төрт жұмысқа берілді. Мен комиссия мүшесі ретінде жұмыстарды талқылап, оларды Президентке ұсындық.

Оның ішінде физик Ратбай Мырзақұлов. Оның жұмысы өте жоғары теориялық маңызы бар жұмыс. Ол Эйнштейннің жұмысын қосымша ілгерілетіп, жаңартқан адам. Оны дүниежүзі мойындады. Бұл Қазақстанның ауыз толтырып айтатын ең үлкен жаңалығы.

Екіншісі, Теміртаудағы металлургия комбинатының технологиясына өзгеріс енгізген экономика ғылымдарының докторы Нұртай Абықайұлы. Оның шәкірттері осы сыйлыққа ие болды.

Үшіншісі, әйгілі археолог Карл Байпақов. Оның Оңтүстік Қазақстандағы жұмыстары. Атап айтқанда, ол Сыр бойындағы ескі қалалар туралы, қазақтың қолөнері дамыған кездерді дәлелдеп шықты.

Және де осы тізімде денсаулық саласына жаңалық енгізген мамандар бар. Бұлардың барлығы Ұлттық ғылым академиясының мүшелері. Бұл сыйлық дәстүр бойынша екі жылда бір рет беріледі.  

Біз Түркістанда университет құрған кезде көп елдерден студенттер, мамандар келе бастады. Олар кириллицаны білмейтін. Олар бізге латынша әліпби жасауды ұсынды. Ол кезде академик Рахманқұл Бердібай және біраз профессорлар ақылдасып Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиін негізге алдық. Біраз өзгеріс енгізіп, компьютерге енгіздік. Осылайша кез келген елдің компьютер тақтасында шығатын латын әліпбиін жасадық.

Латын әліпбиінің кейінгі жобасы көңілге қонымды», - дейді академик.

Хабарламаларға жазылу