«Таңшолпан». Нұрлан Амантайұлы: Ангина, тіс аурулары уақтылы емделмесе, жүрек дертіне әкеп соқтыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Нұрлан Амантайұлы: Ангина, тіс аурулары уақтылы емделмесе, жүрек дертіне әкеп соқтыруы мүмкін

30.10.2017

Адам жүрегінің ауырғанын қалай сезеді? Оның алғашқы белгілері қандай? Жүрек ауруының алдын қалай алуға болады?

Бүгін кардиолог Нұрлан Амантайұлы студияда қонақта болып, осы және өзге да сұрақтарға жауап берді.

«Әлем бойынша жүрек, қан-тамыр аурулары себебінен өлім алғашқы орындарға шықты. Себебі, қазіргі уақытта адамдардың өмір сүру салты, дағдысы өзгерген. Бұрындары адам азық-түлік табу үшін көп дене қозғалысын жасайтын болған. Ал, қазір ас көп, дене қозғалысы аз. Оған қоса, күйзеліс деген бар. Оның барлығы жүрек ауруларына алып келеді.

Жүрек ауруларының түрлері көп, оны тексеріп отыру керек. Негізгі белгілерінің бірі - әлсіздік, тез шаршау, ентігу. Екінші сатысы - физикалық жаттығу жасағанда  жүректің шаншуы. Үшінші саты - болар-болмас физикалық күш түскенде шаршап қалу. Соңғы сатысында жүрек өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды.

Жүрек, қан-тамыр аурулары туа біткен және жүре пайда болған деп бөлінеді . Жүре пайда болған түріне инфекциялық, вирустық аурулар әсер етеді. Мысалы, ангина, тіс аурулары уақтылы емделмесе, инфекция ошақтары осы жүрек ауруларына әкеп соқтыруы мүмкін», - дейді кардиолог маман.

 

Хабарламаларға жазылу