«Қазақстан» РТРК» АҚ делегациясы  Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің хабар тарату одағының съезіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ делегациясы  Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің хабар тарату одағының съезіне қатысты

03.11.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ делегациясы  Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің хабар тарату одағының съезіне қатысты

«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның делегациясы Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің басқаруымен Сычуань провинциясының Ченгду қаласында (ҚХР) өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату (Asia-Pasific Broadcasting Union) Бас Ассамблеясының 54 отырысына қатысуда.  

Шараға Азияның ССTV, NHK, CBS және т.б. ірі телеарналарының басшылары да келген. Бас Ассамблеяның отырысында ағымдағы жылдың қорытындылары мен келешектегі жұмыс кезеңдері қарастырылды. Сессия аясында спорттық медиа, бағдарламалық шешімдер, жаңа медиаресурстар және т.б жұмыс комитеттерінің жекелеген бағыттарына арналған жиыны өтеді.

Бас Ассамблеяның отырысы қарсаңында 2-қараша күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясының осы ұйымға мүшелікке өткендігі жайында Әкімшілік кеңесінің жиынында хабарланған болатын.

ABU отырысының аясында Корпорация делегациясы шетелдік телеарналардағы әріптестерімен және серіктестерімен кездесті. Атап айтқанда, маусым айында  өзара ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойған ССTV арнасының басшылығымен кездесіп, бірлескен жобалардың жұмыс барысын талқыға салды.

Сондай-ақ, Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясы (НТРК) мен «Казақстан» телерадиокорпорациясы арасында екіжақты ынтымақтастық орнату жөнінде  келіссөздер өтті.

Анықтама: 2017 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің хабар тарату одағына кірген болатын. Asia-Pasific Broadcasting Union (ABU) қауымдастығы 1964 жылы құрылған. АBU одағының құрамында  69 мемлекеттен 272 телерадиокомпания бар.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу