Сейфуллин Жолбарыс: Ең алғашқы әнімді  5-сыныпта жаздым (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейфуллин Жолбарыс: Ең алғашқы әнімді  5-сыныпта жаздым (ВИДЕО)

03.11.2017

«Ең кішкентай кезімде бірінші жазған әнім «Қызғалдақтар» деп аталды. Ол бесінші сыныптың жазында жазылған. Осы ән әлі де орындалады, оны өзім концерттерімде шырқаймын. Мен туып-өскен жер Қазығұртта сәуір айында қызғалдақтар керемет өседі. Сондықтан, осы гүл  туралы ән жазуыма тура келді. 

1993 жылы Шаймерден атты ағам өмірден өтті ол кезде тағдырым өзгерді десе болады. Сол кезден бастап бірқатар әндер мен музыка дүниеге келді», - дейді Сейфуллин Жолбарыс.

Аталмыш шоуда Арай Айдархан мен Айри сазгердің «Жан сырым» әнін жаңаша нұсқада шырқады.

Хабарламаларға жазылу