«Қорқыт-қобыз» әнімен Фулин жарыс күнін қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорқыт-қобыз» әнімен Фулин жарыс күнін қорытындылады

05.11.2017

Жарысты бастау қалай қиын болса, нүктесін қою да - жауапты жұмыс. Бұл жауапкершілік бүгін нәзікжанды Фулинге бұйырды. Таңдаған әні де «мен» деген талай әнші айналып өтетін айрықша туынды.

«Қазір қазақ тілін үйреніп жатырмын. Тағы, маған қазақ әндері ұнайды. Менде үш қазақ әні бар. Бүгін орындайтын әнім де танымал әндердің бірі. Қазақ халқы үшін салмақты орны бар ән.

Сондықтан да осындай  ерекше әнді орындау жүректі тебірентеді және жауапкершілігі де жоғары», - дейді түрік әншісі.

 

Қазылар алқасының мүшесі Захра Бадалбейли (Әзірбайжан):

 

- Өте қызықты қойылым болды. Айрықша ән екен. Бір қарағанда оңай көрінгенімен, айтылуы өте қиын. Бірақ, сен өз мүмкіндігіңе сай айтып шықтың. Жаман емес. Керемет деп айта алмаймын.

 

Хабарламаларға жазылу