Фулин «қыздардың ең жақын достары» туралы әнді шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фулин «қыздардың ең жақын достары» туралы әнді шырқады

12.11.2017

Мюзиклдар әлеміне саяхат жасағанда Мэрилин Монроның орындауындағы әндерге соқпай өту мүмкін емес. Әсіресе қыздар, әсіресе, гауһартасты жақсы көретін қыздар. Сондықтан болар, Түркиядан келген Фулин қыздардың ең жақын достары туралы әнді таңдапты.

«Біз бүгін мюзикл орындаймыз. Әрине, әр адамның өмірі кино секілді. Мен ішімдегі Мэрилин Монроны сахнада сыртқа шығарамын», - дейді Фулин.

Айта кетейік, түрік әншісі «Silk Way Star» жобасының кезекті жарыс күнінде «Diamonds are a girls best friend» әнін шырқады.

Қазылар алқасының мүшесі Мансур Ташматов (Өзбекстан):

- Сіз тамаша орындап шықтыңыз. Бәрі Фулин бүгін өз әнін тапты деп жатыр. Джаз стилінде әртістік қабілетің көбірек ашылып, фальцеттен дауысқа, дауыстан фальцетке сәтті өттіңіз. Жарайсың, бәрекелді.

Хабарламаларға жазылу