«Таңшолпан». Мөлдір Әуелбекова: Жыл соңына дейін төрт қыздан тұратын жаңа топ шығарамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Мөлдір Әуелбекова: Жыл соңына дейін төрт қыздан тұратын жаңа топ шығарамын

14.11.2017

Әнші Мөлдір Әуелбекова бағдарлама қонағы болып, өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Қазір ән де көп, әнші де көп. Одан кейін сапасыз дүниелер болып жатады. Бұрындары ән шыққанда біз тұсаукесерін жасап, халықты жинап, есеп беретінбіз. Қазір өкінішке қарай олай жасайтындар аз. Дегенмен, бала күтімімен демалыста болғанда екі бейнебаяным тұсаукесерсіз шықты. Алдағы уақытта әндеріме, байнебаяныма тұсаукесер жасаймын.

Дуэт болып айтуға ұсыныс көп. Мен одан бас тартпаймын. Жас әншілермен бейнебаянға да түстім. Неге бір-бірімізді қолдамасқа?! Әріптестеріммен дуэттер айтылып жатыр. Қазір студияда өңделу үстінде. Алда тыңдармандарға ұсынамыз», дейді әнші. 

Сондай-ақ, әнші алдағы уақытта продюсерлік қызмет ету жоспарда бар екенін жеткізді. «Төрт қызға ұстаздық етіп жүрмін. Үлкен кастинг ұйымдастырып, 300 қыздың ішінен төртеуін таңдап алдым. Осы жылдың соңына дейін тұсаукесер жасаймын. Топтың атауын таппадық. Әлеуметтік желіге салдық, бірақ, әлі де бір көңіл толатындай атау кезікпеді», - дейді сахна жұлдызы.

Хабарламаларға жазылу