«Таңшолпан». Қуаныш Айтаханов: Қазақтың кадірлі композиторларын ұмытпауымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Қуаныш Айтаханов: Қазақтың кадірлі композиторларын ұмытпауымыз керек

14.11.2017

Бүгін ҚР Сенатының депутаты, ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты Қуаныш Айтаханов 70 жасқа толып отыр. Халық қалаулысын «Таңшолпан» бағдарламасы құттықтады.

«Әр туған күн – қуаныш. Кез келген адам жаңа мақсат, ақ тілекпен қарсы алады деп ойлаймын. Ата-анам қарапайым кісілер болған. Ұзақ еңбек еткен. Көп нәрсе шыққан тегіңе байланысты», дейді студия қонағы. 

Сонымен қатар, қазақтың ән өнеріне қатысты пікірімен бөлісті.

«Әр заманның өз әні болады. Дегенмен, классик әншілердің өнерін ұнатамын. Мысалы, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиев. Ол кісілердің әндерін келесі ұрпаққа жеткізу керек. Лирикалық әндерді жастар өз бойларына сіңіруі керек. Заманауи әндер де мүмкін дұрыс шығар, бірақ, қазақтың кадірлі композиторларын ұмытпауымыз керек», - дейді депутат.

 

Хабарламаларға жазылу