«Таңшолпан». Жанқош Тұраров шаршы алаңға бірге шыққысы келетін спортшыны атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Жанқош Тұраров шаршы алаңға бірге шыққысы келетін спортшыны атады

16.11.2017

Алматы қаласының тілшілері кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровпен кездесіп, таңғы жаттығу жасады. Боксшы қазіргі кезде жарақатынан емделіп жатқанын жеткізді.

«Соңғы жекпе-жекте жарақат алдым, қазір емделіп жатырмын. Әзірге жарыстарға қатысуға болмайды. Бірақ, промоутерлер келісімсөз өткізіп жатыр. Келесі жылы міндетті түрде жекпе-жек өтеді деп ойлаймын. Қай елде екені әзірге белгісіз. 

Шаршы алаңға бірге шыққым келетін спортшылар қазіргі чемпиондар. 66,5 келі салмақта Кит Турман деген боксшы бар. Онымен шығу үшін рейтинг сәйкес келуі керек.

Промоутер чемпиондық үшін барлығын жасайды. Мысалы, қарсылас таңдайды, рейтинг өсетін жерді бақылайды, кездесу өтетін жерді белгілейді. Олар өз  міндетін, боксышылар өз жұмысын атқарады», дейді спортшы.

Хабарламаларға жазылу