7 реттік санымен сахнаға төріне шыққан түрік аруы бүкіл Түрік елі үшін маңызы бар туындыны шырқады.
«Отанымыз үшін отқа түсуге дайын екенімізді, ол аяғынан тік тұруы үшін, дамуы үшін күшіміз жеткеннің, қолымыздан келгеннің бәрін жасайтынымызды көрсететін «10-шы жыл маршы» деп аталатын ән бар. Сол әнді орындаймын», - дейді Фулин.
Қазылар алқасының мүшесі Халит Нарт (Түркия):
- Елімнен алыс жерде Мұстафа Кемаль Ататүріктің әнін естіп қуанып отырмын. Сенің көзіңде ұшқын болды. Сен нағыз жұлдыз болдың! Көп рахмет саған.