«Таңшолпан». Ардақ Болатқызы: Біздің мақсатымыз - жастарға әлеуметтік лифтіге мүмкіндік беру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ардақ Болатқызы: Біздің мақсатымыз - жастарға әлеуметтік лифтіге мүмкіндік беру

23.11.2017

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ардақ Болатқызы студия қонағы болды.

«Біздің басқарма 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Ең басты бағыты – жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету, оларды жан-жақты қоғамдық өмірге тарту. Әрине, жастардың санаты әр түрлі. Ол - мектеп оқушылары, студенттер, жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыз жастар, мүмкіндігі шектеулілер мен еріктілер. Сондай-ақ біздің мақсатымыз- жастарға әлеуметтік лифтіге мүмкіндік беру. Яғни, олардың бойындағы патриоттық сезімді, жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық, діни жағынан сана-сезімдерін дұрыс қалыптастыру.  Бұл шараларға кез келген жастар қатыса алады. Ешкімге шектеу жоқ.

Мысал, жазда елімізде өткен үлкен шара – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі. Біздің басқармамыз өз тарапынан атсалысты деуге болады. Қала бойынша волонтер жастарымыз мәдени орталықтарда, әуежайда, теміржол бекеттерінде, басқа да шараларда қонақтарға көмек берді. Бұл да - біздің басқарманың үлкен жетістігі», - дейді студия қонағы.

Хабарламаларға жазылу