«Тек қана қыздар» КТА командасы: 7 жылдан бері армандап келген финалға жеттік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тек қана қыздар» КТА командасы: 7 жылдан бері армандап келген финалға жеттік

23.11.2017

«Тек қана қыздар» КТА командасы 24-қарашада өтетін КТА ойындарының финалына өтті. Команда мүшелері бағдарлама қонағы болып, жаңалықтарымен бөлісті.

«Тобымыздың құрылғанына 7 жыл болды. Одан бері құрамада біраз адам ауысты. Біз 7 жылдан бері армандап келген финалға жеттік. Бұл - еңбекпен келген жеңіс. Негізгі мақсатымыз сол болатын. Қазір дайындық үстіндеміз. Финалда жеңіске жететінімізге сенеміз», - дейді өнер иелері.

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу