«Таңшолпан». Ақын Сәуле Досжанова: Еуропа қазақтары үшін «Сағыныш» кітабын жаздым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ақын Сәуле Досжанова: Еуропа қазақтары үшін «Сағыныш» кітабын жаздым

24.11.2017

17-20-қарашада Швецияның Стокгольм қаласында өткен VI Еуразиялық халықаралық әдебиет фестиваліне 36 ел қатысып, 1100 еңбек сараланған. Оның ішінде ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанованың шығармасы екі номинацияны иеленіп отыр.

Ақын бүгін «Таңшолпан» студиясында қонақта болды.

«25 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Қазір зейнеттемін, бірақ, шығармашылықпен айналысамын.

«Таңшолпанның» дүниеге келгені есімізде. Шерхан Мұртаза төраға болып, атауын өзі қойған. Сол 25 жылдан бері қанша дүние өтті. Жақсылығын да,  қиындығын да көрдік. Қызмет арасында «Таңшолпанға» қонаққа да келдім.

Жуырда өткен әдебиет фестивалінде М.Әуезовтың 120 жылдығына ерекше мән берілді. Соған қуандым. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасы. Қазіргі уақытта біздің ұлы тұлғаларға құрмет көрсетіп, өнер адамдарын шақырғаны – мәртебе.

2015 жылы жарық көрген «Өгей жүрек» атты кітабым орысшаға аударылып, бүкіләлемдік сатылымға қойылды. Одан басқа, қазан айында Еуропа қазақтары үшін қазақ тілінде «Сағыныш» кітабын жаздым», - дейді ақын.

Хабарламаларға жазылу