Ғалымдар жуырда тағы бір көңіл көншітпейтін ақпарат тастады, егер тұщы суды бүгінгідей пайдалана беретін болсақ, 2030 жылға қарай жер бетіндегі 5 миллиард адам лас суды тұтынуға мәжбүр болады. Бұл жер бетіндегі халықтың 67 пайызы. Қайтпек керек, қаталап қалмаудың бірінші шешімі бар. Бұл - үнемшілдік. Африканың кедей елдеріндегі 1 адам күніне бар жоғы 3-5 литр ғана су пайдаланады. 1 қытайлық тәулігіне 100 литр, 1 орыс 300 литр, 1 америкалық азамат тәулігіне 700 литр су жұмсайды екен. Орташа көрсеткіш - осы. Үнемдеуге ыждағатпен қарайтын қытайлықтар қазір жалпы жұртқа ортақ тәртіп енгізіп тастаған. Ол жақта қол жуатын шүмектердің су үнемдейтін формада болуы қатаң қадағаланады. Онымен қоса, дәретхана бактарының сыйымдылығы бұрын 9 литр болса, қазір тек 6 литр су сиятын түрлері ғана сатылады.
- Цындаода үлгі боларлық тұрғын үй кешені салынды, ондағы дәретханаға теңіз суы пайдаланылады. Егер теңіз аумағындағы қалалардың барлығы дәретханаға теңіз суын пайдаланса, 50 миллиард тонна суды үнемдеуге болады.
Қытайдағы тұщы судың таусылмауы үшін тырысып жүрген профессор Ма Тен бүгінгі технологияны тілге тиек етіп тұр. Қытай елінің Чунь Сунь провинциясында бұл бұрыннан бар дағды. Кез келген үйдің төбесінде арнайы су жиналатын қауыздар болады. Жаңбыр жауғаннан кейін адамдар бұл суды тамаққа, кір жууға, кейін бау-бақша суаруға пайдаланады екен. Толығырақ Гүлжазира Ғалиқызының сюжетінде.