Қырғыз әншісі қазақ эстрадасының хитменімен Алматы туралы ән айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз әншісі қазақ эстрадасының хитменімен Алматы туралы ән айтты

26.11.2017

Кезегін күткен Омардың жұбы - қазақ эстрадасына хитмен деген ұғымды алғаш әкелген әнші. Ол, әрине, Қайрат Нұртас. Қазақ-қырғыз дуэті ару қала Алматыға ән арнады, дәлірек айтсақ, олар «Алматының түндері-ай» әнін шырқады.

 

«Өте жақсы шығарма. Негізі, халық арасында хит болатын шығарма - жеңіл шығармалар. Бұл да хит әндердің бірі. Мен Нюшаның партиясын қырғыз тілінде орындаймын. Сондықтан, Алматының түндерін бұйырса, қырғызстандақтар да түсінеді», - дейді Омар.

 

Қазылар алқасының мүшесі Мансұр Ташматов (Өзбекстан):

- Мен сіздердің тамаша дуэт құрғандарыңызды айтқым келеді. Сендер бір-бірлеріңді жақсы толықтырып тұрдыңдар. Омардың орындауындағы партия маған қатты ұнады. Әдемі, тембр жағынан қанық шықты. Дуэттің сахнадағы байланысы болды. Омардың қолынан келді, рахмет!

Хабарламаларға жазылу